Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр өңірі де Арысқа арнайы автокеруен жасақтап, гуманитарлық көмек жіберді

Опубликовано:

Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында шыққан өрт соңы жойқын жарылыстарға ұласып, жергілікті халықтың ғана емес тұтас ел аумағының үрейін алған болатын. Бұл оқиғаға Сыр жұртшылығы да бейжай қарап қалмай, арнайы автокеруен жасақталып, гуманитарлық көмек жіберілді.

Сыр өңірі де Арысқа арнайы автокеруен жасақтап, гуманитарлық көмек жіберді

 Арыстағы ағайындардың көңіліне демеу болмақ ниетпен Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен ұжымдар қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіруде.

Сыр өңірі де Арысқа арнайы автокеруен жасақтап, гуманитарлық көмек жіберді

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін қалалық Б.Шөкенов атындағы саябақта Арыс қаласындағы зардап шеккен жандарға қаржылай қолдау көрсету мақсатында акция өтті. 

Сыр өңірі де Арысқа арнайы автокеруен жасақтап, гуманитарлық көмек жіберді

Игі шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, қала жастары мен белсенділері, өнерпаздар мен кəсіподақтар және т.б қаланың 1000-ға жуық жанашыр азаматтары қатысып, арнайы қойылған қайырымдылық жәшіктеріне қолдан келгенше көмек қолын созып, елдіктің үлгісін танытты!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801591-syr-iri-de-aryska-arnajy-avtokeruen-zasaktap-gumanitarlyk-kmek-ziberdi/

pixel