Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі пайда болды

Опубликовано:

Қазақстанда жаңа мейрам - БАҚ қызметкерлері күні пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі пайда болды
Фото: rg.ru/Depositphotos: Facebook

ҚР үкіметінің жаңа мейрамды енгізу туралы қаулысы 25 маусым күні "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, сол күннен бастап құжат өз күшіне енді.

Осылайша қазақстандық мейрамдардың ресми тізімі тағы екі атаулы күнмен толықты.

Біріншісі - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Ол 17 мамыр күні тойланатын болады.

Екіншісі - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Ол 28 маусым күні аталып өтілетін болады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы бірнеше күн бұрын Twitter парақшасында журналистердің кәсіби берекесін бекітуге тапсырма берген еді.

Президент бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болатынын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801751-kazakstanda-bak-kyzmetkerlerini-ksibi-merekesi-pajda-boldy/

pixel