Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ермек Тұрсыновпен отандық киноның келешегін талқылады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Кездесу барысында еліміздің кино индустриясын дамыту перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Президенті кино өнерінің ахуалы еліміздің мәдени келбетін айқындайтынын атап өтіп, отандық кинематография өнімдерінің сапасын арттыру бойынша жұмыс істеуге шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, кино индустриясының, соның ішінде "Қазақфильм" киностудиясының келешегіне қатысты мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қажет.

Ермек Тұрсынов ұлттық киноға көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, 30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін XV "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ашылуына шақырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801799-prezident-ermek-trsynovpen-otandyk-kinony-kelesegin-talkylady/

pixel