Шымкентте адам өліміне себепкер болған хирург сотталды
Опубликовано:
Шымкентте дәрігер хирург сотталды. "Дау-Мед" медициналық клиникасының бұрынғы хирургы жүргізген ем нәтижесінде Е.есімді азамат көз жұмған. Өзінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамаған дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы "Д" өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін, істің мән-жайын айтып, жәбірленушінің өкілінен кешірім сұрады. Марқұмның туыстарына моральдық шығынды өтегенін айтты.
Жәбірленушінің туыстары сотталушы дәрігерге кешіргенін айтып, соттан темір тордан аман алып қалуды сұраған.
"Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы "Д" екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үш жыл медициналық қызмет көрсету құқығынан айрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ,"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801803-symkentte-adam-limine-sebepker-bolgan-hirurg-sottaldy/