Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста әйел адамға арқасын тосқан батырдың есімі белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Арыста эвакуация кезінде егде жастағы әйел адамның көлікке отыруы үшін арқасын тосқан сарбаздың кім екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыста арқасын тосқан сарбаздың есімі белгілі болды
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Бұл туралы Қалқаманов Facebook парақшасында жазды. Оның сөзінше, суреттегі сарбаз ТЖ комитетінің лейтенанты Бексұлтан Ибадуллаев.

"Бексұлтан Ибадуллаев 15 егде жастағы адамға арқасын тосып, көлікке отыруына көмектескен", - деп жазды әкім кеңесшісі.

Сондай-ақ Қалқаманов Бексұлтан Ибадуллаевтан алынған сұқбатты жариялады. Онда сарбаз мән-жайды өзі баяндап берді.

"Біздің негізгі міндетіміз адамдарды құтқару. Жоғары жүрісті техникамен адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін тез әрекет ету керек болды. Сондықтан еңкейіп, арқамды тосып, адамдарды жоғары жүрісті техникаға отырғыздым", - дейді Бексұлтан Ибадуллаев.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде әйел адамды көлікке отырғызу үшін арқасын тосқан әскеридің суреті тарап, жұртты сүйіспеншілігіне бөленген болатын.

Бұл фото Instagram-да 56 мың лүпіл мен мыңнан аса жағымды пікір жинаған.

Айта кетейік, Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы өрттің толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801827-arysta-jel-adamga-arkasyn-toskan-sarbazdy-esimi-belgili-boldy-video/

pixel