Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста әйел адамға арқасын тосқан құтқарушыға ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде әйел адамды көлікке отырғызу үшін арқасын тосқан әскеридің суреті әлеуметтік желіде тарауда. ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бұл суреттің тарихын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Арқасын тосты": Арыстағы сурет әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Оның сөзінше, сурет Instagram-да 56 мың лүпіл мен мыңнан аса жағымды пікір жинаған.

ТЖК өкілінің сөзінше, суретте Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы Ибадулла, Үсен Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович Қырықбаев.

Белгілі болғандай жігіттер Арыс тұрғынын қаладан эвакуациялау үшін көлікке отырғызуда.

Бұл көлікке отырғандар Шымкент қаласына жеткізілгені хабарланды.

"Арқасын тосты": Арыстағы сурет әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлерінің баланы отырғызып жатқан кездегі сурет те бар екен.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы әскери қоймада болған жарылыстың салдарынан үш адам қаза болды. Бірінші болып көз жұмған әскеридің артында төрт баласы қалған.

Сонымен қатар, екі әскери қазіргі уақытта ауыр халде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801783-arkasyn-tosty-arystagy-suret-zeli-koldanusylaryn-sjsintti-foto/

pixel