jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Салық қызметкерлері Нұр-Сұлтанның бір тұрғынына тиесілі 67 пәтерді анықтады

: UGC

Нұр-Сұлтанның бір тұрғынына тиесілі 67 пәтердің 65-і бір тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев: UGC

Басылымның хабарлауынша, ведомство тұрғын үйді заңсыз жалға беруді анықтау жұмыстарын жүргізген.

Мекеменің мәліметі бойынша, 150 қазақстандықтан 10-нан астам пәтер табылған.

Еліміздің 20 мыңнан астам азаматының иелігінде үш немесе одан да көп пәтер бар. Олардың көбі пәтерлерін жалға бергенімен, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, яғни, салық төлеп отырған жоқ.

Заңсыз жалға берушілер әртүрлі ақпарат көздерінің көмегімен анықталады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері, ПИК мәліметтері, азаматтардан өтініштер.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Әнуар Сүлейменов атап өткендей, жеке тұлғалар да жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен тұрғын үйді жалға беруге құқылы.

Өткен жылдың басынан бастап жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жалға берушілер 1% салық төлейді. Бұған дейін салық 2% құраған еді. Мұндай мөлшерлеме табысы жылына 3 528 АЕК-ке дейін болатын кәсіпкерлерге қолданылады, бұл ретте жеке кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшылары болмауы тиіс.

Егер кәсіпкер бірнеше пәтерін жалға берсе және оның жалдамалы жұмысшылары болса, оның салықтық мөлшерлемесі -3%-ды құрайды. Бұл ретте ол жарты жылда бір рет табыс алу фактісі бойынша төлеу керек

Жылжымайтын мүлікті жалға беретін жеке тұлғалар жыл басынан бері енгізілген бірыңғай жиынтық төлемді төлей алады. Бұл ретте, салық мөлшерлемесі олар үшін 10% - ды құрайды.

Салық қызметкерлері Нұр-Сұлтанның бір тұрғынына тиесілі 67 пәтерді анықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.