Аяғы ауыр келіншек Арыстағы жарылыс кезінде қалай 40 шақырымды жаяу жүргенін айтып берді
Жарияланған күні:
Арыстағы жарылыс кезінде босанған Кенжегүл Бекасыл 40 шақырым жерді жаяу жүріп өткенін, қалай мұндай күйге түскенін баяндады деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
24-маусым күні Кенжегүлдің толғағы қысып, ол енесімен бірге перзенханаға келген. Дәрігерлер оны қабылдап, ем-домын жасамақ болған.
Алайда, кенет қала көк түтінге айналып, іште жүрген адамдардың барлығы жан-жаққа қашқан. Үрейі ұшқан Кенжегүл кімге, қайда барарын білмей сыртқа қарай жүгіріп шыққанын айтады.
“Шыққанымыз сол еді жер сілкінісі басталды. Сыртта ешқандай көлік жоқ. Жансақтау бөлімінің қызметкерлері жаңадан босанған келіншектерді алып шығып жатты. Әскери адамдар сыртқа қарай қашыңдар деп айтты. Анам, мен, акушеркам үшеміз адамдар кетіп бара жатқан жерге қарай жүріп кеттік”, - деqді Кенжегүл Бекасыл.
Шарасыз күйге түскен келіншек аяқтары қансыраса да 40 шақырым жерде орналасқан ауылға дейін жаяу барған. Әбден жаны қысылған Кенжегүлке жол-жөнекей көлікпен өтіп бара жатқан Білім және ғылым министрлігінің мамандары кезігіп, көмекке келген.
“Жан-жақ түтін, өрт біз жолды білмедік. Адасып Ақтас деген жерге келдік. Сол ауылдағы Ақтастағы үй иесі Гүлмираға шексіз алғысымды білдіремін. Үйіне кіргізіп, акушеркам, Балбөпеге рақметімді айтамын. Сол екі кісі мені босандырып алды”, - дейді жас ана.
Қазір Кенжегүлдің де қызының да жағдайы бір қалыпты. Төрт келі 200 грам болып дүниеге келген нәрсетеге "Кәмиллә" деген есім берілген.
Жас ана қызының өмірге аман-есен келуіне себепкер болған көлік жүргізушісінің анасының есімін әдейі ырымдап қойғанын айтады.
“Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Күйзеліп кеткен, қорқып қалған. Жылайды, еш жерін көрсеткісі келмейді. Үйде туғаннан кейін, жыныс жолдарын көріп, тексердік. Психологиялық көмек көрсеттік. Қабылдап алдық. Өзіне келіп қалды”, - дейді Қазығұрт аудандық перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ақболған Шайжанова.
Еске сала кетейік, білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов жарыс кезінде босанған келіншекке көмек көрсеткен мұғалімдерді марапаттаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801891-aagy-auyr-kelinsek-arystagy-zarylys-keiznde-kalaj-40-sakyrymdy-zaau-zrgenin-ajtyp-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.