Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөтелке лақтырды": Еріктілер Шымкенттегі шерушілер туралы айтты

Опубликовано:

Бүгін Шымкентте эвакуацияланған Арыс тұрғындары митинг ұйымдастырып, үшінші мегаполис пен Түркістаннан пәтер беруді талап етті. Оқиғаға куә болған еріктілер қала көшелерінде орын алған жағдай туралы баяндап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Әйгерім есімді қыз базарда арыстықтар үшін киім-кешектер сатып алып жатқанын айтты. Кенеттен сатушылар жаппай өз дүкендерін жабуға кіріскен. Анықталғандай, олардың арасында шерушілер базар жаққа қарай бет алып келе жатыр деген сыбыс шыққан.

"Біз шыға бергенде әрең үлгердік. Себебі, артымыздан бір топ адам келе жатты. Олар бөтелкелерді лақтырды. Қанша адам болғанын білмеймін. Бірақ олар көшенің бойымен кле жатты" , - деді ерікті.

Саудагерлер тонаушылықтан қорқып, дүкендерін жауып тастаған. Әйгерімнің сөзінше, ер адамдар оларды қолдауға шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802002-btelke-laktyrdy-eriktiler-symkenttegi-serusiler-turaly-ajtty/

pixel