Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшқан Air Astana ұшағы шұғыл түрде Мәскеуге қонды
Опубликовано:
Air Astana әуе компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ Ұлыбритания астанасынан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшқан Air Astana ұшағы шұғыл түрде Мәскеуге қонуға мәжбүр болды Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшқан Air Astana ұшағы шұғыл түрде Мәскеуге қонуға мәжбүр болды](https://cdn.nur.kz/images/1120/921d33420efa29a5.jpeg)
КС 942 рейсі Мәскеуге ҚКҚ (қосалқы күш қондырғысы) істен шығып, екі генератордың біреуі істемеген соң қонуға мәжбүр болған.
Ұшақ Ресей астанасына Нұр-Сұлтан уақытымен 03:15 қонды. Қону штаттық режимде өткені хабарланды.
Әуе тасымалдаушыға сілтеме жасаған басылым, бұл рейстің барлық жолаушылары Мәскеуден Нұр-Сұлтанға қосымша рейспен жұма күні 12:50 жеткізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802067-londonnan-nr-sltanga-skan-air-astana-sagy-sgyl-trde-mskeuge-kondy/