Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аруларды кездесуге шақырып, құрығына түсірген жас жігіт ұсталды

Опубликовано:

Алматыда алаяқтық ісіне күдікті деп танылған 25 жастағы жігіт ұсталды. Ер азамат бойжеткендердің сеніміне кіріп, оларды тонаған деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласының ПД
Фото: Алматы қаласының ПД: UGC

Ер азаматтың құрығына негізінде жас қыздардың түскені хабарланды.

Полиция хабарламасына сәйкес, алаяқ қарапайым үлгіде әрекет еткен, яғни, қыздармен танысып, серуендеуге шақырып, өзін өнегелі адам етіп көрсеткен.

Серуендеу кезінде жігіт біреуге хабарласу үшін жаңа танысқан арудан ұялы телефонын сұраған. Ештеңеден күдіктенбеген бойжеткен телефонды еш саспастан бере салған.

Телефонмен сөйлескен кезде ер адам біртіндеп алыстап, кейіннен "кездесу орныннан" ұялы телефонмен бірге із-ғайым жоғалған.

Алданған жәбірленуші жаңа таныссыз және телефонынсыз бір орнында абдырап қалатын.

Кейін ер адам девайстың өзіне тиесілі екенін айтып, телефонды таныстарына сататын болған.

Осы орайда тәртіп сақшылары азаматтарға сақ болып, танымайтын жандарға өзінің мүлкін табыстамауды еске салады.

Қазіргі уақытта ер азамат құрықталды. Оған қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оның үш іске қатысы бары дәлелдеген, алайда полиция зардап шеккендердің саны одан да өсуі мүмкін екенін айтады.

"Қалада онға жуық қылмыстық істің болуы мүмкін. Сол себепті осы адамның қылмыстық іс-әрекетінен зардап шеккен адамдар болса, 8-727-298-53-02; 8-707-515-47-35; 8-701-718-70-69 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз", - деді полковник Тұрсынбетов тұрғындарға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802122-almatyda-arulardy-kezdesuge-sakyryp-krygyna-tsirgen-zas-zigit-staldy/

pixel