Елордалықтар бейбіт шеруге қатысып жатыр (фото)
Опубликовано:
Бүгін елордада бейбіт шеру өтуде. Оған қала тұрғындары мен белсенділер қатысуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетерлігі, бұған дейін қала билігі "Байтақ болашақ" экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Əміртайға бейбіт шеру өткізуге рұқсат берген еді.

Шеру қаладағы Құдайбердіұлы жəне Пушкин көшелері қиылысындағы саябақта өтпек.

Əзірге қала тұрғындарының қарасы аз болса да, шеруді ұйымдастырушылар мынадай плакатты ілуде.
Оған "Əлеуметтік тең құқықты өмір сүруге құқықымыз бар" деген жазба жазылған.

Сондай-ақ саябақ маңынан полицейлер мен жедел-жəрдем көлігі қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802295-elordalyktar-bejbit-seruge-katysyp-zatyr-foto/