Бүгін Қазақстанның екі өңірінде 47 градусқа дейін аптап ыстық болады
Опубликовано:
Синоптиктер дүйсенбі күні, 1 шілдеде Қазақстанның екі өңірінде күн аптап ыстық болатынын болжады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, аптап ыстық Түркістан және Қызылорда облыстарында күтілуде.
"1 шілде күні Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 45-47 градус ыстық болады деп күтілуде", - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы күндері Қызылорда облысында күннің ыстық болғаны сонша, тіпті жергілікті тұрғындар бауырсақтарды от тұтатпай-ақ, күннің астында қуырғаны желіде тараған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802342-kazakstanny-eki-irinde-47-graduska-dejin-kn-ysytady/