Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Опубликовано:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осы аптада «Қазмедиа орталығында» халыққа есеп беру кездесуін өткізді.

Министр өз баяндамасында мемлекеттік органдарда жүзеге асып жатқан жобалар туралы және алға қойылған жоспарлар жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ, ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жеңілдетілген микрокредит алып, өз кәсібін бастаған кәсіпкерлер туралы сөз етті.

Аталған бағдарлама бойынша өткен жылы кәсібін кеңейтуді мақсат еткен 14 мың қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алған. Оның 10 мыңға жуығы – жұмыссыз жандар.

Микрокредиттің тағы бір артықшылығы – жаңа жұмыс көздерінің пайда болуы. Бұл ретте, жаңа кәсіп орындарының ашылуына және қаржыландырылуына байланысты 12 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылған.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуі аясында микрокредит алып, өз кәсібін ашқан азаматтарға арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде кәсібінен нәсіп тауып, жұмысының жемісін көріп отырған түрлі сала өкілдері өз жетістіктерін таныстырды.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Мичурино ауылының тұрғыны Татьяна Ивакина 2018 жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында оқу курсынан өткен. Сол жылы кәсіпке қажетті жабдықтар сатып алу мақсатында 6 млн. теңге микрокредит алған. Осылайша, «Зеленая ферма» жеке кәсіпкерлігін құрып, гидропоникалық тәсіл бойынша өндіретін өсімдік шаруашылығын қолға алған.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Қазақстанда гидропоникалық тәсіл бойынша өнім өндіру саласы жақсы дамымаған. Сол себепті, Татьяна адам денсаулығына пайдалы әрі ерекше өнімдерді шығарып қана қоймай, сонымен бірге ауыл шаруашылығының инновациялық саласына үлес қосқысы келеді.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Өндіріс саласына қажетті құрал-жабдықтарға Ресей арқылы арнайы тапсырыс берген.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп
«Біз жаңа бастаған стартап-қоғамдастық өкілдері ретінде әлі таныла қойған жоқпыз. Дегенмен, тапсырыстар келіп жатыр. Біздің өнімдердің халыққа берер пайдасы мол. Көкөніс, смузи және басқа да табиғи өнімдер салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға көмектеседі. Қант диабеті, онкологиялық аурулар, қан қысымының төмендеуі, қан құрамындағы қанттың төмендеуі секілді түрлі дертке шипа бола алады», - дейді Татьяна Ивакина.
Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Гүлнәр Өнерхан Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында тұрады. Ол 2017 жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне үйренген. Өз кәсібін ашу мақсатында мемлекеттен 3 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген микрокредит алған.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Гүлнәр бүгінде қазақы нақышта бұйымдар тігетін «Ақжол» тігін шеберханасын ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Өзіне ұнайтын жұмысты бағдарлама арқылы кәсіп көзіне айналдырып, сүйікті ісінің жемісін көріп келеді. Айтуынша, тігін шеберханасына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда қаласынан жиі тапсырыстар түсіп тұрады екен. Қолөнерші өз бұйымдарының бағасы қолжетімді екенін айтады.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп
«Жеңілдетілген микрокредиттің тиімділігі өте көп. Қолынан іс келсе де, кәсібін бастай алмай жүрген жандар үшін үлкен көмек. Менің ойымша, егер адам өзі жасай алатын дүниені одан әрі кәсіп көзіне айналдырса, табыс та мол болары сөзсіз», - дейді тігін шеберханасының иесі.
Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Ал, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылының тұрғыны Валерий Пермяковтың кәсібі мүлде бөлек. Ол қырлы тастарды (брусчатки) өндіру мақсатында мемлекеттен 6 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген микрокредит алған.

Бүгінде «Пермяков В.В.» жеке кәсіпкерлігі өзіне керекті барлық құрал-жабдықтарды алып, ел аумағында тапсырыс көлемін арттырып отыр.

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Жігер Сүлейменов кәсіпорын атынан өнімдерді таныстырып, аз-кем ақпарат берді.

«Микрокредит алу барысында ешқандай қиындықтар болған жоқ. Валерий бар болғаны екі аптада барлық құжаттарды жинап, берілген қаражатқа кәсіпке қажетті құрал-жабдықтарды толықтай сатып алды. Қазір компания тапсырыс берушілерге 8 түрлі әдемі қырлы тастарды (брусчатки) дайындап бере алады. Менің ойымша, бұл шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен көмек», - дейді Жігер.
Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Бүгінде олар аймақтағы сұраныс нарығын түгел қамтамасыз етіп, жылдық табыс көлемін 30%-ға арттырған. Ендігі жоспар – Қазақстан бойынша тапсырыстар көлемін ұлғайтып, сапалы өнімдерді халыққа ұсыну.

Көрмеде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде табысты жұмыс жасап жатқан оннан астам кәсіпкерді кездестіруге болады. Алдағы уақытта олардың қатары жас кәсіпкерлермен толыға түсері анық.

2019 жылы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, сондай-ақ халықтың осал топтарына және жастарға, мүгедек балалары бар аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету үшін бағдарламаға жаңа бағыттар енгізілді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жылына 5 мың жеңілдетілген микрокредит және 10 мыңға жуық қайтарымсыз грант бөлінеді.

Марфуға Қараман

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802397-berdibek-saparbaev-kazmedia-ortalygynda-halykka-esep-berdi/

pixel