Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызсың ба не?": Отандық журналист қазақ жігіттерінің әрекетіне шүйлікті

Опубликовано:

Қазақстанда тұрмысқа шықпаған қыздар мен отау құрмаған серілердің саны күн санап артып келеді. Бұл мәселенің негізгі себебі - жастардың жеке тұлға ретінде дамуға тырысуы, бір-бірінің талабын қанағаттандыра алмауы немесе әлеуметтік жағдайын түзеуге талпынуы десек артық айтқанымыз емес. Осы тұрғыда, отандық журналист Ғалия Шаудырбаева қазіргі қоғамдағы жастарға өз назын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 99px.ru
Көрнекі фото: 99px.ru: Facebook

"Қазаннан ұят кетсе, қақпағын келімсек ит жалайды" деген журналист өз пікірін Facebook желісінде жариялады.

Ол елде болып жатқан соңғы оқиғаларды ар-намысты екінші орынға қойып, ұяттан безе бастаған қоғамның көрінісіне балады.

"Бүгінгі оқиғаға қатысты қызды "өлтіру керек, аямау керек" деген сияқты оқтар жауып жатыр. Әрине, ол қызды жақтамаймын мүлде. Дегенмен ол барлық қазақ қыздарының эталоны емес!

Қазір қаракөз сіңлілерімді сыйламайтын жігіттер де жетіп артылады. Айналамдағы жас қыздарға "Тұрмыс құрыңдар. Жалғыз болып қалмаңдар" деп ақылымды айтамын. Сөйтсем "әпке-еу, жігіттер көп қой. Кездесуге де шақырады. Бірақ "қызсың ба не? Мүмкін емес. Осы уақытқа дейін қыз боп жүру мүмкін бе? Тексерейік" деп әңгіме айтады" дейді. Ал, бұған не дейсің?!

Кафеге барғысы келсе – "чайка", барғысы келмесе "мамбетка" болып шыға келеді қыздар осылай. Қаракөз қыздарымыз етегін ашты, қаракөз ұлдарымыз жыртыққа үңілді", - деп жазды ол.

Осылайша, қоғам келбетін бейнелеп берген Ғалия Шаудырбаева жігіттерді қыздардың жаман жолға түсуіне ерік бермеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802463-kyzsy-ba-ne-otandyk-zurnalist-kazak-zigitterini-reketine-sjlikti/

pixel