БҚО-да "Охотзоопром" басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Опубликовано:
"Охотзоором" Батыс өңірлік филиалының төрағасы міндетін атқарушы қол астындағы қызметкерін жұмыстан шығармағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Қазақпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: NUR.KZ Көрнекі фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/af08c0460705c8b8_b.jpeg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, басшының міндетін атқарушы параны қызметтік автокөліктің ішінде алған.
Ведомство күдікті кінәсін толық мойындағанын алға тартты.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802480-bko-da-ohotzooprom-bassysy-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/