Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жолаушы азамат балалы әйелге орын бермеген жігітті ұрып тастады (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктердің бірінде оқыс жағдай орын алды. Куәгерлердің жазуынша, егде жастағы ер адам балалы әйелге орын бермеген жасөспірімді соққыға жыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балалы әйелге орын бермеді": Нұр-Сұлтанда ер адам автобустағы жігітті соққыға жықты
Видеодан алынған кадрлар: Instagram

Видеоны автобустағы жолаушылардың бірі kazakh_inform парақшасына жолдаған.

«Бүгін адам толы автобуста келе жатып, келеңсіз жайттың куәсі болдым. Көлікке екі балалы әйел кірді де, өзіне орын бермегені үшін басқаларға ашуланды.
Кейін ол орындықта отырған жасөспіріммен сөзге келді. Осы арада егде жастағы ер адам іске араласып, орын бермеген жасты ұра бастады», - деп жазады оқиға куәгері.

Аталған видео көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі ер адамның жасөспірімге қол көтеруін жөнсіз деп тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802489-balaly-jelge-oryn-bermedi-nr-sltanda-er-adam-avtobustagy-zigitti-sokkyga-zykty/

pixel