Тұрмысы төмен азаматтардың несиесі қашан өтелетіні белгілі болды
Опубликовано:
Тұрмысы төмен азаматтардың несиесі мемлекет есебінен 1-қыркүйекке дейін өтеледі. 1 шілдеде қарызы бар азаматтардың жүктемесін азайтуға арналған қаулының жобасы бекітілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Президент жарлығында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесінің 300 мың теңгесі, 1-қыркүйекке дейін өтелуі тиіс деп жазылған.
Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15-шілдеге дейін борышкерлердің тізімен жасап, жалпы қарызын есептеуі керек.
Кейін мәліметтерді Ұлттық банк тексеріп, Қаржы министрлігі проблемалық несиелер қорына ақша аударады.
Еске сала кетейік, 26 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы заңға қол қойды.
Кейін жұрттың берешегін жабу үшін шамамен 105 миллиард теңге жұмсалатыны хабарланды.
Дереккөз КТК арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802543-trmysy-tmen-azamattardy-nesiesi-kasan-teletini-belgili-boldy/