Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арысты қалпына келтіру үшін қанша қаржы бөлінбек?

Опубликовано:

Бүгін үкімет отырысында мемлекеттің үш жылғы бюджеті анықталды. Құжат бойынша үкімет резервін 72,9 млрд теңгеге көбейту ұсынылды. Бұл қаржының бір бөлігі Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай зардаптарын жоюға бағытталмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ
Көрнекі сурет: NUR.KZ: Original
"Жоба бойынша үкімет резервін 72,9 млрд теңгеге көбейту ұсынылды. Бұл қаржының бір бөлігі Арыстағы төтенше жағдай зардаптарын жоюға бөлінетін болады" , - деді қаржы министрі Әлихан Смаилов.

Оған қоса, қаражатты ішкі реттеуге байланысты кідіртусіз шешімді талап ететін бірқатар міндеттемелер 35,9 млрд теңге сома мөлшерінде қаржыландырылады.

Сонымен қатар, 12,3 млрд теңге арнайы дәрежедегі мемлекеттік қызметкерлер жалақысын 30%-ға көбейтуге жеткіліксіз соманың орнын толтыруға жұмсалмақ. Ал 6,8 млрд теңге Кедендік қызмет пен Ұлттық гвардия әскери қызметкерлерінің тұрғын-үй төлемдері бойынша несиелік қарыздарын өтеуге бөлінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802617-arysty-kalpyna-keltiru-sin-kansa-karzy-blinbek/

pixel