Теміртауда 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)
Опубликовано:
Алмагүл Есімқұлова 24 маусым күні түнде жоғалып кеткен. Үйден қыдыруға шыққан бойжеткен сол бойы қайта оралмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Туыстарының мұрағатынан Фото: Туыстарының мұрағатынан](https://cdn.nur.kz/images/1120/10ee418e62468184.jpeg)
Полицияға жоғалған қыз туралы оның анасы хабарлаған. Әйел Теміртау қаласы ПБ ескі қалалық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шағымданған.
"Іздеу салынған қыздың белгілері: Бойы 150-155 сантиметр, көздері қоңыр, шаштары қысқа әрі қара, арқасына дейін. Ерекше белгілері: Сол аяғының тізесінде тыртық бар, жүргенде бүкірейеді.
"Ол көлденең бағыттағы қою көк түсті сызықтары бар сұр кеудеше, ашық көк түсті джинсы мен қара түсті аяқ киімде болған", -деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бойжеткеннің қазір қайда екенін білетін азаматтар болса кез келген ақпарат бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласа алады.
8-702-933-19-92, 8-7213-44-43-07 немесе 102.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802721-temirtauda-17-zastagy-kyz-bir-aptadan-beri-tabylmaj-zatyr-foto/