Ақтауда ер адам көп қабатты үйдің шатырынан секірем деп елді дүрліктірді (видео)
Опубликовано:
Ақтаулық полиция қызметкерлері сүйіктісімен жанжалдасып, көпқабатты тұрғын үйден секіруге талпынған ер азаматты құтқарып қалды деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Ақтаудағы 11 ықшамауданда орналасқан үйде 2 шілде күні шамамен кешкі 21:00-де орын алған.
Көшеде кезекшілікте жүрген Уланбек Қылыш пен Қуаныш Сансызбай қыздың айқайлаған дауысын естіпті.
Тәртіп сақшылары тез арада көмекке келді.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер де оқиға орнына жеткен.
"Полиция қызметкерлері өз өмірлерін тәуекелге тігіп, ер азаматты құтқарды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер азаматтың мұндай қадамға қызымен жанжалдан кейінгі эмоционалдық жағдайы, алькогольдік сусынды қолдануы себеп болғаны айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802802-aktauda-er-adam-togyzynsy-kabattan-sekirem-dep-eldi-drliktirdi-video/