Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы 435 үйде жөндеу жұмыстары басталып кетті (фото)

Опубликовано:

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласында 435 үйдің жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Facebook

Арыс қаласында және оның маңында 8867 үй орналасқан. Оның ішінде 6127 үй жарылыс кезінде зардап шегіп, 27 үй жаңадан салынатын болды.

Қазіргі уақытта Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторларда жөндеу жұмыстарына 170 мамандандырылған бригада, яғни, республиканың 16 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан 1194 құрылысшы келіп, іске қосылды.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Facebook

Бүгінгі күні тұрғын үйлерге баға берілді, 435 үйде жөндеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802886-arystagy-435-jde-zndeu-zmystary-bastalyp-ketti-foto/

pixel