Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меркіде 650 келі марихуананы жинап алған 27 жастағы азамат ұсталды

Опубликовано:

Жамбыл облысының полицейлері Меркі ауданының құмды аймағында 27 жастағы азаматты ұстады. Күдікті жабайы марихуананы орып, жинап жатқан жерінен қолға түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меркіде
Көрнекі фото: whattonews.ru: Instagram
«Жиналған өсімдік көлемінің салмағы 615 келіні құрады. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, ол Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,- деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Шу ауданы Абай ауылының маңында «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі де ұсталған.

Тәртіп сақшылары көліктің жүксалғышын тексеру барысында 15 келіден астам кептірілген марихуананы тауып алған.

Кінәсін мойындаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803017-merkide-650-keli-marihuanany-zinap-algan-27-zastagy-azamat-staldy/

pixel