Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 мың доллар: "Ғылым қорының" басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне қарасты қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин брифинг барысында "Ғылым қоры" басқармасының төрағасы бес мың доллар пара алды деп күдіктеліп жатқанын мәлімдеді. Теңгеге аударғанда бұл сомма екі миллион теңгені құрайды деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: grodno24.com
Көрнекі сурет: grodno24.com: Twitter

Анықталғандай, басқарма төрағасы бес мың долларға, яғни 1,9 млн теңге үшін отандық жоғарғы оқу орындарының бірінде ректорға қолдаушылық танытуға уәде еткен.

Оған қоса, бұл сомаға ғылыми жобаларды қаржыландыру көмегі де кірген.

Параны қай жоғарғы оқу орнынының басшысы бергені әзірге айтылмай жатыр.

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, тергеуге көмектесуге келіскен.

Басылымның жазуынша, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803104-5-my-dollar-gylym-koryny-bassysy-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/

pixel