Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ҚДТ экстремистік қозғалысының ұйымдастырушылары ұсталды (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласының полицейлері ҚР ҚК-нің 405-бабы "экстремистік ұйым қызметіне қатысу" бойынша қылмыстық істі тергеу барысында бірнеше адамға қатысты тергеу шараларын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: Instagram

Тергеу іс-әрекеттері ҚДТ экстремистік қозғалысының ұйымдастырушылары: Ж. Демеуова, О. Шевчук, Г. Джаукерова, А. Аширалиева мен қатысушыларына қатысты жүргізілді.

Осылайша полицейлер аталған тұлғалардың Алматыда экстремистік қозғалыстың заңсыз науқанын ұйымдастырмақ болғанын анықтады.

Ақпарат тінту кезінде расталды. Аталған тұлғалардың үйінде экстремистік мазмұндағы плакаттар мен парақтар, түтіндеткіш, дауыс көбейткіш, аэрозольді бояуы бар баллондар, компьютерлер, байланыс құралдары және т.б. табылды.

Сондай-ақ полицейлер заңсыз науқанды қаржыландыруды жоспарлаған көлемді қаржыны тәркіледі.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: Getty Images

Бұдан бөлек, полиция олардың экстремизм идеяларын насихаттағанын анықтады. Мұндай фактілер техникалық құралдардан табылды. Күдіктілердің кейбірі кінәсін мойындады.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: UGC

Полицияда бұған дейін Ж. Демеуова, О. Шевчук, Г. Джаукеровамен және А. Аширалиевпен профилактикалық әңгімелер жүргізілгенін, оларға экстремистік қозғалысқа қатысудың қауіптілігі түсіндірілгенін атап өтті.

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД: Getty Images

Соған қарамастан, олар істің салдарын түсіне отырып, құқыққа қарсы іс-әрекетті жалғастырған.

Сондықтан бұған дейін төртеуіне бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалған үй қамағы енді қамауға өзгертілді.

Ал қалған қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803141-almatyda-kdt-ekstrimisttik-kozgalysyny-jymdastyrusylary-staldy-foto/

pixel