Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрықталған ДВК-ның қатысушысы өкініш білдірді (видео)

Опубликовано:

Алматыда полицейлер тиым салынған ДВК (ҚДТ) экстримистік ұйымының кезекті қатысушысы Қайырбек Кенжеахметовты ұстады. Ер азамат кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты деп хабарлайды қаланың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Ер адам ҚР ҚК-нің 405 бабы бойынша тергеу жұмыстары кезінде ұсталды.

Кенжеахметоватың үйін тінту кезінде полиция рұқсат етілмеген акциялар мен митингілер кезінде пайдаланғысы келген мүліктерді анықтады.

Кенжеахметов кінәсін мойындап, іс-әрекеті үшін өкінетінін айтты. Ол оған әйел адамның хабарласып, "Таугүл" шағынауданынан 6 шілдеге жоспарланған митингілерге арналған жалаулар мен шелектер алуды өтінгенін айтты.

Ол сол әйел адамның бұған дейін Ақтауда жасаған алаяқтық ісі үшін сотталған Гүлзипа Жаукерова болғанын атап өтті.

Анықталғандай, ол ҚДТ белсенділерінен 2000 теңгеден жинауға тырысқан және ақшаны Кенжеахметовпен бөлісуге уәде беріпті, алайда ер адам одан бас тартқан.

Ер азамат қазақстандықтарды бейбітшілік пен тыныштықты бағалауға және қателеспеуге шақырды.

Қазір Кенжеахметов уақытша ұстау изоляторында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803377-almatyda-kryktalgan-dvk-ny-katysusysy-kinis-bildirdi-video/

pixel