Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін қазақстандықтар елорда күнін тойлап жатыр

Опубликовано:

Бүгін Қазақстан халқы астана күнін атап өтуде. Елорда 21-ші туған күнін жаңа атаумен қарсы алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com
Иллюстрациялық фото: pixabay.com: UGC

21 жасқа толған Қазақстан астанасының атауы тарихта бірнеше рет өзгерген.

Мәселен биылғы жылдың 20-наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елордаға "Нұр-Сұлтан" атауы берілді.

Қазақпараттың мәліметінше, ең алғаш рет Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсынысты Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде жасаған.

1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойып, 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген.

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтіп, бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде атап өтіліп келді.

2006 жылдан бастап күні бүгінге дейін астана күні 6 шілдеде тойланады.

Айта кетерлігі бұл айтулы дата еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді. Биыл Елбасы 79 жасқа толды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803437-bgin-kazakstandyktar-elorda-knin-tojlap-zatyr/

pixel