Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қатты соққан жел балалар лагерінің шатырын ұшырып әкеткен (фото)

Опубликовано:

Атырау облысында 3 шілде күні тұрған қатты желдің салдарынан Бесікті елді мекеніндегі "Тұлпар" лагерінің шатыры ұшып кетіп, осында демалып жатқан 150-ге жуық бала қауіпсіз жерге шығарылған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды Ақжайық.

Фото: "БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы
Фото: "БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы: Depositphotos

Бастапқыда лагердің шатыры ұшып, артынша жауған жаңбырдың салдарынан балалардың жатын бөлмесіне су кетіп, жарық өшіп, су тоқтап қалған.

Осыдан кейін Атыраудан, Махамбет және Исатай аудандарынан келген демалушылар арнайы көлікпен ауылдарына жеткізілсе, ал шалғайдағы Жылыой, Қызылқоға, Құрманғазы ауданынан келген 51 бала "Дарын" мектебінің жатақханасына түнеп шығып, үйлеріне жеткен. 

Фото: "БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы
Фото: "БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы: Depositphotos

"Тұлпар" лагері басшылығының мәліметінше, қазір тез арада шатырды қалыпқа келтіріп, 10-шы шілдеден бастап үшінші топты қабылдау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

Фото: "БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы
Фото: "БӨАЖҚЖ" ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803456-atyrauda-katty-sokkan-zel-balalar-lagerin-satyrsyz-kaldyrdy-foto/

pixel