Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мектепте домбыра үйрену пәнін енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажеттігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді.
Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға.
Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев, бүгін, 7 шілдеде қазақстандықтарды домбыра күнімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803544-tokaev-mektepte-dombyra-jrenu-pnin-engizudi-syndy/

pixel