"Оқу ақысы көтеріледі ме?": Білім және ғылым министрлігі жауап берді
Опубликовано:
Білім және ғалым министрінің жаңа кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан қазақстандық жоғарғы оқу орындарының оқу ақысына байланысты шыққан қауесетке жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: pixabay.com Көрнекі фото: pixabay.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/12acf659890e846e.jpeg)
Шенеунік бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат екенін баса айтты.
"Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, Мұхамеджан еліміздегі жоғарғы оқу орындарының көбісі жекеменшік екенін еске түсірді.
"Мемлекетімізде 131 ЖОО бар, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды", - деді ол.
Айта кетейік, министр кеңесшісінің сөзінше, Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны 350-420 мың теңгені құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803565-oku-akysy-kteriledi-me-bilim-zne-gylym-ministrligi-zauap-berdi/