Елордалықтар Көлгіновтен Нұр-Сұлтандағы зауыттардың бірін ауыстыруын өтінді
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданы аумағындағы "Промышленный" және "Железнодорожный" тұрғын үй алабтарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін тыңдап қайтты деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, "Промышленный" тұрғын үй алабында 30 мыңға жуық адам тұрады. Кездесу кезінде тұрғындар Нұр-Сұлтан әкіміне "Аққент" ЖШС силикат кірпіш шығаратын зауытты ауыстыру жөнінде өтінішін білдірді.

Сонымен қатар, жергілікті халық қала басшысына жылы аялдама мен спорт алаңдары бар саябақтарды жайластыруын сұрады. Оған қоса, тұрғындар мен елорда әкімі №13 мектепті кеңейту, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және жол құрылысы мәселесін талқылады.
"Железнодорожный" алабында Алтай Көлгінов бар назарын Маяковский 7 көшесіндегі үйді жаңғырту мен жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, аталып өткен тұрғындардың тілектері жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға алынатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803603-elordalyktar-klginovten-nr-sltandagy-zauyttardy-birin-auystyruyn-tindi/