Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әйгілі қара күш иесі Сергей Цырульников рекорд жаңартты

Опубликовано:

Қазақстандық танымал атлет Сергей Цырульников өз күшін көрсетіп, Гиннес рекордын жаңартты деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

рекорд
Сергей Цырульников. Фото: 24.kz: UGC

Атақты палуан 1 минут 48 секундта бір қолымен 10 табадан тұратын үш сантиметрлік тақтайды ұрып құлатты.

Сергейдің бұл өнері жанкүйерлерін таңдай қақтырмай қоймады. Спортшы өзін жақсы сезінетінін, қолы ауырмағанын жеткізді.

Цырульниковтың сөзінше, оны ресейлік «Я могу» шоуына шақырған кезде, ол рекорд жаңарта алатынын айтқан. Алайда ұйымдастырушылар рұқсат бермепті.

Ол бүгін, 8 шілде күні өз ойын жүзеге асырғанын атап өтті. Сергей бұл рекордқа Петропавл қаласында жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803616-otandyk-jgili-kara-ks-iesi-sergej-cyrulnikov-rekord-zaartty/

pixel