Досының тойында жанды дауыста ән салған ақтөбелік жігіт елді тамсандырды
Опубликовано:
Шаңырақ көтеріп жатқан достарының қуанышында жанды дауыста ән салған қазақ жігіті көпшілікті дауысымен таңдай қақтырды. Махаббаттың символына айналған "Я люблю тебя до слез" әнін шырқаған азаматтың видеосы Instagram желісінде жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрхан Өмірхан есімді ақтөбелік жігіт тойда жанды дауыста ән айтқан сәтімен өзінің парақшасында бөлісті.
Танымал әнді еш қиналмастан орындаған әншіге желі қолданушылары тамсанып, жылы лебіздерін жаудырды.
Олар Нұрханға сәттілік тілеп, дауысы ерекше екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803619-dosyny-tojynda-zandy-dauysta-n-salgan-aktbelik-zigit-eldi-tamsandyrdy/