Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұханбердиева адамдарды "айфондар" мен планшеттер алуға қалай мәжбүрлеген?

Опубликовано:

Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Сұханбердиеваның ісіне қатысты тың деректер шықты. Оған "өзіне бағынышты адамдардан планшет пен ұялы телефон талап еткен" деген айып тағылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эльмира Суханбердиева. Фото: vechastana.kz /Көрнекі фото pexels.com
Эльмира Суханбердиева. Фото: vechastana.kz /Көрнекі фото pexels.com: UGC

Сот отырысында прокурор Нұрлан Бекмағамбетов 2019 жылдың мамырында Сұханбердиева мансабын пайдаланып, бірнеше әрекеттерге барғанын айтты.

"Қызмет бабына сәйкес, ол 1-маусымда балалар құқығын қорғау күніне дайындыққа жауапты болған. Осы шара аясында ҚР Президентімен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары кездесу жоспарланған", - деді ол.

Прокурордың айтуынша, Сұханбердиевааталмыш кездесуге қатысатын балаларға планшет, айпад және смартфон сияқты қымбат сыйлықтар табыстамақ болыпты.

"Сұханбердиева білім және ғылым министрлігінде бұл мақсатқа қаражат қарастырылмағанын жақсы білген. Ағымдағы жылдың 3 мамырында "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында ерлік жасаған балалардың қатысуымен жас патриоттар форумы өтті. Осы шара барысында ол екі балаға 1 маусым күні министрмен кездесу кезінде iPhonеХ берілетінін айтқан. Сол үшін мемлекеттік мекеме басшысынан екі iPhonеХ талап еткен", - деді Бекмағамбетов.

Прокурор Сұханбердиева мемлекеттік мекеме басшысының аталған заттарды өз ақшасына алуға мәжбүр болатынын білгенін алға тартты.

"Көмекшісі мен хатшысы арқылы айтылған бұл тапсырма министрдің бұйрығы ретінде сипатталған. Мекеме директоры өз туысына шығып, көмек сұрайды. Ол өтінішін орындап, 636 мың теңгеге екі ұялы телефон сатып әперген. Сұханбердиеваға ол заттар жүргізуші арқылы жеткен", - деді ол.

Бекмағамбетов аталмыш іске байланысты тағы бір мысал келтірді.

"1 маусымдағы  кездесулерге Президент әкімшілігінің мақұлдауымен 41 бала бекітілген.
Оларға планшет алуға бюджеттен қаржы бөлінбегенін біле тұра, өзіне бағынышты баспа басшыларынан 41 айфон талап еткен", - деді прокурор.

Айта кетейік, бұрынғы мемлекеттік қызметкер пара алғаны мен қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айыпталды.

Сұханбердиева сот алдында кінәсін толығымен мойындады.

Сонымен қатар, сотталушылар қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар болып шықты.

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803839-suhanberdieva-adamdardy-ajfondar-men-plansetter-aluga-kalaj-mzbrlegen/

pixel