Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аллергияға қарсы май ойлап тапқан тәжік әйелі екі бірдей алтын жүлде алды

Жарияланған күні:

Тәжікстандық зерттеуші Мавлуда Давлатмамадова Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның және өнертапқыш әйелдерге арналған KIWIE 2019 халықаралық форумынан екі бірдей алтын жүлдені алды. Ол аллергияға арналған жақпа май ойлап тапқан деп жазады Сentralasian.org.

аллергия
Мавлуда Давлатмамадова. Фото: www.centralasian.org: Facebook

Техникалық ғылымның кандидаты 33 жастағы Мавлуда Давлатмамадова құрамында шөптер бар майды қалай әзірлегенін айтып берді.

"Ишкашим тауындағы тальк минералынан балаларға арналған ұнтақ сеппесін әзірледім. Сосын оған итошаған мен Rhodiola kirilowii шөптерін араластырып, этиль спиртін құйдым. Нәтижесінде аллергияға қарсы жақпа май пайда болды", - дейді Мавлуда Давлатмамадова Азаттыққа берген сұқбатында.

Маусым айының соңында Сеулде KIWIE 2019 өнертапқыш әйелдерге арналған 12-халықаралық көрме өткен.

Бұл көрмеде Тәжікстаннан барған сегіз әйел алтын, күміс және қола жүлделер алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803874-allergiaga-karsy-maj-ojlap-tapkan-tzik-jeli-eki-birdej-altyn-zlde-aldy/