Алматы облысында өзенге ағып кеткен қыздың денесі алты күннен соң табылды
Опубликовано:
Талдықорған қаласындағы Қаратал өзеніне құлап, ағып кеткен 14 жастағы қыздың денесін құтқарушылар алты күннен кейін тапты деп хабарлайды Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, қыздың денесі 10 шілде күні 11:20-да құлаған орынға жақын жерде табылған.
14 жастағы мектеп оқушысының аяғы тасқа тіреліп қалғаны айтылды.
"Оның денесін төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тапты", - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Талдықорған қаласында 5 шілде күні өзенге құлап кеткен қызды құтқарушылар іздеп жатқанын хабарлағанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803941-almaty-oblysynda-zenge-agyp-ketken-kyzdy-denesi-alty-knnen-so-tabyldy/