Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы матч кезінде жас жігіт бүкіл елдің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото)

Опубликовано:

Кеше Нұр-Сұлтанда елордалық "Астана" және Румыния елінің "ЧФР Клуж" арасында өткен чемпиондар лигасының іріктеу сынында елордалық азамат сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Ерекше жағдайға ойынға келген жанкүйелердің барлығы куә болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Азамат пен Айжан есімді жастардың өміріндегі маңызды оқиғамен "Астана" футбол клубының желідегі ресми парақшасы бөліскен.

"Бүгін чемпиондар лигасы матчында қоғамда тағы бір болашақ отбасы пайда болды! Азамат пен Айжанға отбасылық бақыт пен ұзақ өмір тілейміз", - деп жазды .

Желі қолданушылары аталмыш сәтті жылы қабылдаған.

Олар "Азамат жарайсың", "Керемет", "Бақытты болыңдар" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804025-nr-sltandagy-matc-kezinde-zas-zigit-bkil-eldi-aldynda-sjiktisine-synys-zasady-foto/

pixel