Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелдік қыздар да қызмет көрсеткен жезөкшелер ордасы анықталды

Опубликовано:

Оңтүстік астанада тағы бір жезөкшелер ордасы анықталды деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: today.kz
Иллюстрациялық фото: today.kz: Depositphotos

Бұл жолы жеңіл жүрісті қыздар қызмет ететін орын Алматының Алатау ауданынан табылды.

"Арнайы операция жүргізер алдында біздің бөлімше қызметкерлері жедел түрде қажетті ақпараттар мен дәлелді базаларды жинауды жүзеге асырды.
Түнгі сағат он бір шамасында" жұмыс орнында " жеңіл жүрісті 19 қыз болған, олардың екеуі Өзбекстан азаматы және тағы екеуі көрші Қырғызстан азаматы.
Ордада қазақстандық 47 жастағы Н. есімді Алматы облысының тумасы қожалық еткен. Ол әкімші позициясында бола отырып, жеңіл жүрісті қыздарға жезөкшелікпен айнылысуды ұйымдастырып отырған.
Күдіктінің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 309-бабы, 1- бөліміне сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта Н. есімді азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу уақытында бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде", - деді Алматы қалалық Криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, жедел бөлімшелер қала әкімінің тапсырмасы бойынша 1 шілдеден бастап жезөкшеліктің алдын алу, қарсы тұру және күресу мақсатында, сондай-ақ, Сейфуллин даңғылы мен "Алматы-1" теміржол станциясының вокзал маңы алаңы аумағында пәтер жалдаушы тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804031-almatyda-seteldik-kyzdar-da-kyzmet-krsetken-zezkseler-ordasy-anyktaldy/

pixel