Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста тағы бір қауіпті бомба жарылады деген ақпарат қаншалықты рас?

Опубликовано:

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде Арыс қаласынан алдағы үш күн аралығында қауіпті делінген "Луна" бомбасы шығарылатыны туралы хабарлама тарап кеткен болатын. Бұл ақпаратқа қатысты Қазақстанның қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Sputnik Қазақстан/Ксения Воронина, Instagram/MISK_KZ
Фото: Sputnik Қазақстан/Ксения Воронина, Instagram/MISK_KZ: Instagram

Ведомство бұл хабарламаның шындыққа сай келмейтінін айтып, тұрғындарды сабырлыққа шақырды.

Сонымен қатар жарылғыш заттың ол түрі Арыстағы оқ-дәрі қоймасында жоқ екенін де алға тартты.

"Құрметті Арыс қаласының тұрғындары! WhatsApp әлеуметтік желісінде "12-15 шілде аралығында Арыстағы әскери арсеналдан "Луна" бомбасы шығарылады" деген жалған ақпарат тарауда.

Осы орайда Қазақстанның қорғаныс министрлігі мұндай зымыранның әскери бөлімшеден 2011-2014 жылдары жойылғанын хабарлайды. Жалған мәліметке сенбей, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804196-arysta-tagy-bir-kauipti-bomba-zarylady-degen-akparat-kansalykty-ras/

pixel