Перзентханадан бала ұрлау ісі: Келіншек өзге әйелдің нәрестесін сатпақ болған
Жарияланған күні:
Таразда облыстық перзентханадан сәби ұрланды. Полицейлер 22 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, қолға түсірді. Облыстық перинаталды орталықта босанған келіншек өзге әйел адамның нәрестесін сатпақ болды деп хабарлайды КТК арнасы.
Әйел адамның жаңа туған сәбиді мекемеден алып шығып бара жатқан іс-әрекеті бейнебақылауға түсіп, қылмысы әшкереленді.
8 шілде күні 30 жастағы келіншек сәбиін мейірбикеге қалдырып, түскі ас ішуге кеткен.
Қолайлы сәтті ұтымды пайдаланған ұры тапа-тал түсте палатаға кіріп, нәрестені алып кеткен. Түскі астан қайтып келген әбидің анасы бос кереуетті көріп, дабыл қақты.
"Жанымда жатқан әйелдің қал жағдайын сұраймын деп кірген. Медицина қызметкерлері баланы тербетіп тұрған ғой. Тербетіп жүрген кезде телефон шырылдайды. Телефонмен сөйлесіп жатқан сәтін пайдаланып алып кетіп отыр", - дейді Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас акушері Сәуле Әлжанова.
Дәрігерлердің сөзінше, сәбиді ұрлаған 22 жастағы келіншек маусым айында осы орталықта кесір тілігінің көмегімен қыз баланы босанған.
Тиісті емін алып, 5 шілде күні үйіне жіберілді. Алайда 3 тәуліктен соң медицина қызметкерлерге арналған есіктен кіріп, баланы сыртқа алып шыққан.
"Ішкі бақылау камераларының арқасында күдікті анықталды. Нәресте анасына қайтарылды. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы жаман емес. Өміріне қауіп жоқ", - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов.
Күдікті 3 шілде күні туған нәрестені қонақүйде асырап алушыға беру сәтінде ұсталды. Баланы сатып алмақ болған отбасының Алматы қаласынан екені анықталды.
"Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Жарасқан Ақбердиев.
Кінәсі толық дәлелденсе күдікті 10 жылды арқалауы мүмкін. Қазір емізулі сәбиі бар болғандықтан бұлтартпау шарасы тағайындалды.
22 жастағы келіншек бұған дейін істі болып, дау медиация арқылы шешілген екен. Болған жағдайдан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексеру жүргізді.
Перзентхананың 2 бөлім меңгерушісі қатаң сөгіс алып, 4 қызметкері жұмыстан шеттетілді.
Дереккөз: КТК арнасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804284-perzenthanadan-bala-rlau-isi-kelinsek-zge-jeldi-nrestesin-satpak-bolgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.