Мұхамедиұлының жалақысы 3 млн теңге екені рас па: Экс-министр жауап берді
Жарияланған күні:
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, қазіргі Ұлттық мұражайдың басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі жалақысы үш млн теңгені құрайды деген қауесетке жауап берді. Ол бұл туралы өз Facebook парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Достарым, жалақымның қанша болатыны әлі өзіме де белгісіз болып тұрғанда, ол туралы жалған ақпарат тарап кетті. 3 000 000 теңге көлеміндегі еңбекақы - жалған. Мұндай шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату кімге пайда әкелетінін білмеймін, fake news қолдан жасалғанына күмәнім жоқ. Тым әсіре сілтепті, басқа не айтуға болады", -деді ол.
Арыстанбек Мұхамедиұлы министр болған тұсында мәдениет саласы қызметкерлеріне жоғары жалақы беруін сұрағанын. бес жыл ішінде осы мәселені бірнеше рет көтергенін алға тартты.
"Егер осындай ақпарат шындыққа жанасса, әрине қуанар едім, өкінішке қарай, бұл әзірге мүмкін емес. Әдеттегідей сіздерге шынымды айтайын: министр қызметін атқарғанда еңбекақым 980 000 болды, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Укіметінің Қаулысы негізінде Ұлттық музей директоры ретінде 172 436 теңге есептеліп, қолыма 139 673 теңге берілетін болады.
Бұрынғы министрдің сөзінше, бұл қызметтегі оның санаты «А1-1», еңбек өтілі мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болған.
Сонымен, достарым, не шықты? Нағыз фейк. Жалған ақпаратта менің айлық жалақым ретінде көрсетілген сома менің еңбекақымды 95 % көбейтіп, мен 12 айда алатын 1 676 076 теңгені екі есеге арттырыпты. Бізде «он үшінші еңбекақы», бонустар жоқ. «Кездейсоқ» миллиондарға қателесіп кетіпті...
Мұндай жалған ақпаратқа сенген адамдар табылып, оларға түсінік беруім күлкілі жағдай. Осымен бұл тақырыпты талқылауды доғарайық, ағайын. Мұндай ұсақ-түйекке уақытымды енді кетірмеймін: ақылдылар өздері түсінеді, ақмақтарға түсіндіре алмайсың. Баршаңызға жақсы көңіл-күй үшін рақмет!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804347-mhamedilyny-zalakysy-3-mln-tege-ekeni-ras-pa-eks-ministr-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.