Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындарға әзірлікті тексерді

Опубликовано:

Отар 40-шы әскери базасында Нұрлан Ермекбаев байқаулардың өткізілу орындарын, қатысушы командалардың тұруы жағдайларын, маршруттардың орналасуын тексерді.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

Әскери ведомство басшысы ойындарды өткізуге дайындық жұмыстарының одан әрі сапалы орындалуы бойынша ұйымдастыруға жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар қойды.

Одан басқа, Нұрлан Ермекбаев қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін тексерді. Сондай-ақ Қорғаныс министріне танк экипаждарының, ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының, байланысшылар мен артиллерияшылардың жаттығулары көрсетілді. Әскери қызметшілермен кездесе отырып, ол сайыста сәттілік пен жоғары деңгейдегі өнер көрсетуді тіледі.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар аясында Қазақстан аумағында «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау» байқаулары өтеді. Оған Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Венесуэла, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Ресей, Сирия және Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысады. 32 байқаудың ішінен Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері 16 байқауға қатысады.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

Анықтамалық: Армиялық халықаралық ойындар алғаш рет 2015 жылы Ресей Федерациясының аумағында өткізілді. Сайысқа 17 елден – Әзербайжан, Ангола, Армения, Белоруссия, Венесуэла, Мысыр, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Никарагуа, Пәкістан, Ресей, Сербия және Тәжікстаннан 56 команда қатысты.

Екінші рет ойындар 2016 жылы өткізілді. Сайыс 20 полигонда үш теңіздің су айдынында өтті. Ойынға қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға жуық адамды құрады. 23 байқауға 19 елден 121 команда қатысты. Алғаш рет 2016 жылы "Мерген шебі" және "Артиллериялық оқ ату шеберлері" байқаулары Қазақстанның аумағында ұйымдастырылды.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

2017 жылы үшінші халықаралық ойындарға 28 елдің 150 командасын құраған 4,5 мыңнан аса әскери қатысты. 2017 жылғы халықаралық ойындардың бағдарламасына бес жаңа сайыс, яғни, «Тәртіп сақшылары», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Ұшқышсыз ұшатын аппараттар есептоптарының сайысы» және «Жол патрулі» сайыстары кірді. 2018 жылы Армиялық халықаралық ойындарға 33 елден 180-нен аса команда қатысты.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

Ағымдағы жылы Армиялық халықаралық ойындар Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстанның аумағында өтеді. Байқауларға барлығы әлемнің 34 елінен 216 команда қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804445-korganys-ministri-armialyk-halykaralyk-ojyndarga-zirlikti-tekserdi/

pixel