Түркістан облысында 2016 жылы туған қыз арыққа батып кетті
Опубликовано:
Түркістан облысында кішкентай қыз арыққа батып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға кеше, 12 шілде күні Келес ауданы Қызыләскер ауылында болған.
2016 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суарма арыққа батып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан кішкентай қыз көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804485-trkistan-oblysynda-2016-zyly-tugan-kyz-arykka-batyp-ketti/