Желіде Сағынтаевтың жалған аккаунтары пайда болған
Опубликовано:
Алматы әкімдігі БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын Бақытжан Сағынтаевтың тек ресми аккаунттарында жарияланатын ақпараттарды қолдануға шақырды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/d210c6620b776a86_w.jpeg)
"Әлеуметтік желілерде Бақытжан Сағынтаевтың фэйк аккаунттарының пайда болуына байланысты мынаны хабарлаймыз: Оларда жарияланған кез келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымы емес. БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын Бақытжан Сағынтаевтың Twitter, Facebook пен Instagram желілеріндегі тек ресми аккаунттарында жарияланатын ақпараттарды қолдануға шақырамыз", - деп хабарлады қалалық әкімдікте.
Қазіргі уақытта әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі Алматы әкімі аккаунттарының ресми верификация алуымен айналысып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804511-almaty-kimdigi-sagyntaevty-zalgan-paraksalary-pajda-bolganyn-habarlady/