"Жарайсың бауырым!" Тоқаев Елдос Сметовті жеңісімен құтықтады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте өткен Гран-при турнирінде топ жарған дзюдошы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент спортшыға деген жүрек жарды лебізін Twitter парақшасында жазған.
"Белгілі спортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Жарайсың бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері - жас буынға жақсы үлгі", - деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, Будапештте 60 келіде сынға түскен Елдос Сметов финалда 2014 жылғы әлем чемпионы моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804615-zarajsy-bauyrym-tokaev-eldos-smetovty-zeisimen-ktyktady/