Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының кей аудандарында жарық сөніп қалды

Опубликовано:

Бүгін Алматының кей аудандарында жарық сөніп қалды. Көшеде бағдаршамдар жұмыс істеп тұрған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

KAZ.NUR.KZ тілшілері айналада болып жатқан жағдайды анықтау үшін көшелерді аралады. Нәтижесінде қала көшелерінде бағдаршамдар істен шыққаны анықталды.

Біз электр қуатының сөну себебін анықтаудамыз.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, "АлматыЭнергоСбыт" электр қуатсыз қалған.

Алматы полициясының хабарлауынша, тоқтаусыз қиылыстарға 400-ге жуық реттеуші шықты, бірінші кезекте экипаждар басты көшелерге шығып, кейіннен екінші дәрежелі қиылыстарға аттанды.

Электрмен жабдықтау бірте-бірте қалпына келіп жатыр.

Zakon.kz РЭҚ ақпараты бойынша, жоғары вольтты желіде апат орын алғанын хабарлады. Электр энергиясын 2-3 сағат ішінде кезең-кезеңмен қосатын болады.

Сондай-ақ, Алматы метрополитені да электр жарығынсыз қалды. Резервтік қоректендіру қосылғаннан кейін жолаушылар метродан шығарылды. Қазір онда ешкім кіре алмайды.

Резервтегі генератор Абай даңғылында орналасқан "Айя қиял әлемі" аттракциондар паркіне де қосылды. Әкімшіліктің хабарлауынша, келушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, алайда электр қуаты ажырағаннан кейін барлығы саябақтан шығарылды. Қазір парк жұмыс істемейді.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 13-нен 14-не қараған түні Нью-Йорк орталығында 70 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804714-almatyny-kej-audandarynda-zaryk-snip-kaldy/

pixel