Алматы облысында 47 жолаушысы бар автобус аударылып қалды (фото)
Опубликовано:
Алматы – Өскемен тас жолының 462-шақырымында 47 жолаушысы бар автобус аударылып қалды деп хабарлайды Instagram желісіндегі "Сердитый талдыкорганец" парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстанның мәліметінше, полиция жол-көлік оқиғасын растаған. Белгілі болғандай, оқыс оқиға 15 шілде күні сағат 6-да Сарқант ауданында орын алған.
Апатта үш адам жарақат алған. Олар қазір ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автобус Алакөлге қарай бет алған екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804742-almaty-oblysynda-47-zolausysy-bar-avtobus-audarylyp-kaldy-foto/