Сағынтаев Алматыда электрмен жабдықтаудың қалпына келгенін хабарлады
Опубликовано:
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы электрмен жабдықтаудың қалпына келтірілгені туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматыны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мен "АлЭС" АҚ ("Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компаниялары) штаттан тыс жағдайдың себептерін анықтап, жұртшылықты хабардар етуді тапсырды. Бақылауда ұстаймын", - деді әкім өзінің Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда блэкаут түс кезінде орын алған. Энергиямен жабдықтаудағы іркілістер бір жарым-екі сағатқа созылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804777-sagyntaev-almatyda-elektrmen-zabdyktaudy-kalpyna-kelgenin-habarlady/