Тоқаев: Шын мәнінде облыс бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
Жарияланған күні:
"Шын мәнінде облыс бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құрылыс жұмысы да жүруде. Бұл жұмысты премьер-министр өзі жиі барып, мұқият қадағалап отыр. Амандық болса, Түркістан біздің тарихымыздың мәдениетіміздің алтын бесігі ретінде қайта қалпына келеді. Керемет сымбатты қала болып шығады деп ойлаймын" деген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс жұмысына оң бағасын берді.
Аталмыш отырыс барысында облыс басшысы Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына облыстың жай-күйі жайлы баяндады.
Облыста инвестиция тартумен қатар, туристік жобаларды дамыту қолға алынған. 2025 жылға қарай аймаққа 4-5 млн туристі тарту жоспарланған.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ө.Шөкеевтің айтуынша, облыстың ауыл шаруашылығы 4 пайызға дамып, тамшылатып суғару бойынша 1370 гектар жер өңделіп, екі есе көбейту көзделуде.
"Ауыз сумен қамту бойынша өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы" - деген Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің қолға алынып, биыл 43 елді мекенді ауыз су құбырымен қамтамасыз етіп, 7 елді мекендегі тозығы жеткен су құрылғылары жаңартылатынын жеткізді.
Сондай-ақ, аталмыш мәселедегі қамту аймағы 80 пайызға жетеді деген Өмірзақ Естайұлы аймақтағы табиғи газ бен құрылыс мәселелерде де өсім бар екенін баса айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804786-tokaev-syn-mninde-oblys-bojynsa-belsendi-zmys-zrgizilude/