Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда төртінші қабаттан секірмек болған бойжеткенді үш жігіт құтқарып қалды (фото)

Опубликовано:

Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде төртінші қабаттан секірмек болған бойжеткенді үш жігіт құтқарып қалды деп хабарлайды Ақ жайық.

Фото: Ақ жайық
Фото: Ақ жайық: Facebook

Оқиға 15 шілде күні болған.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" нөміріне ер адам хабарласып, төртінші қабаттағы тере алдына бойжеткеннің шығып алғанын хабарлаған.

Ведомство бірнеше экипаж жолға шыққанын, оқиға орнына бірінші болып полиция сержанты Нұрланбек Төлегенов жеткенін мәлімдеді.

"Жағдайды бағдарлап алған ол көрші пәтерге жүгіріп кіріп, басқа терезе арқылы бойжеткенге төменге қарай секіруге кедергі келтіре бастады", - дейді облыстық полиция департаменті.

Полиция сержанты қызды өздігінен құтқармақ болғанда оған көшеден екі жігіт көмекке келген.

"Терезе алды сырғанақ болды, мен аяқ киімімді шешіп, жалаң аяқ терезенің ернеуіне шығып, қыз отырған терезеге қарай жетсем деп тырысып көрдім. Сол сәтте маған көшеден екі жігіт көмекке ұмтылды", - дейді Нұрланбек.

Полицейге көмекке келген тұрғынның бірі Есенбай Қайыров сол күні көлігін қаратуға КЖО-ға бара жатқан. Ол екіруге ұмтылған қызды көрген бойда, оқиға орнына жүгірген.

Ол кездейсоқ екі жігіттің көмегімен көрші балконнан қыз отырған терезеге секіріп кіріп, бойжеткенді тоқтатқан.

Қыз баланы құтқаруға көмектескен үшінші азамат Микаил Каторов.

"Мен осы үйдің жанындағы дүкенде жұмыс жасаймын. Шуды естіп, жүгіріп келдім де әлгі қыздың терезесінің астындағы пәтердің терезесінен шығып, кедергі келтіруге тырыстым", - дейді ол.

Осылайша үш жігіт жұмыла жүріп, өзін өлтірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды. Ал сол күні кеште полиция департаменті басшысының тапсырмасы бойынша Есенбай Қайыровқа және Микаил Катаровқа қалалық патрульдік құрамының алдында алғыс хат табыс етілді.

Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805134-atyrauda-trtinsi-kabattan-sekirmek-bolgan-bojzetkendi-s-zigit-ktkaryp-kaldy/

pixel